Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Қызылорда Арена» спорт кешені 2026 жылдың желтоқсанында салынып бітеді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 қазан, 2025 | 11:18
1 мин. - оқу уақыты

«Қызылорда Арена» спорт кешені 2026 жылдың желтоқсанында салынып бітеді

Тоғыз блоктан тұратын кешенде спорт залдары, бассейн және конференц-зал орналасады

Фото: dominanta-const.kz
Фото: dominanta-const.kz

Қызылордада 2 252 көрерменге арналған көпфункционалды спорт кешені салынып жатыр. Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше, жаңа нысан 9 блоктан тұрады. Онда олимпиада стандарттарына сай жүзу бассейні, футзал, баскетбол және волейбол алаңдары, сондай-ақ 150 орындық конференц-зал қарастырылған. «Қызылорда Арена» құрылысын 2026 жылдың желтоқсанында толық аяқталады делініп отыр.

Айта кетейік, Қызылордада 2025 жылдың 4 қазанында 11 мың орындық Орталық стадион ашылды. Бұл – елімізде УЕФА талаптарына сай салынған үшінші стадион. Жаңа нысанның жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда жасыл алаңнан бөлек, бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, фитнес, спорттық гимнастика және ауыр атлетика залдары орналасқан.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.