Қазақстан Республикасының ұлттық статистика комитеті жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтарынан қарашасының 1-не дейінгі кезеңде елдегі халық саны 20 283 399-нан 20 464 077-ге жетті. Бұл 180 678 адамға өсуді білдіреді, яғни жалпы өсім 0,89% деңгейінде болды.
Өңірлер бойынша ең көп өсім қала халқы арасында байқалды. Мысалы, Астана қаласында халық саны 1 528 703-тен 1 622 245-ке дейін, яғни 93 542 адамға өсті. Бұл 6,12%-дық өсімге тең. Алматы қаласында халық саны 2 292 055-тен 2 341 901-ге дейін өскен, өсу қарқыны 2,17% болды. Шымкент қаласы да 32 927 адамға ұлғайып, 1 289 091-ге жетті.
Ауылдық және қалалық халықтың динамикасына зер салатын болсақ, қаладағы халық саны 12 773 115-тен 12 995 890-ға дейін өскен, өсу қарқыны 1,74%. Ал ауылдық жерлерде халық саны 7 510 284-тен 7 468 187-ге дейін азайған, яғни 0,56% кеміген.
Елдегі табиғи өсім 168 519 адамды құрады, ал миграциялық сальдо — 12 159 адамға тең. Кейбір өңірлерде, мысалы, Түркістан облысында миграциялық ағым теріс сальдо беріп, халық саны азайған.
Қазақстандағы халықтың өсуі негізінен ірі қалаларда байқалып, ауылдық жерлерде халық саны сәл кеміген. Бұл үрдіс қалаға қоныс аударудың жалғасып жатқанын көрсетеді.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың соңына қарай елдегі халық саны одан әрі өседі деп күтілуде.
Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы