Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанның банк секторындағы тәуекелдер азайды - рейтинг нәтижесі
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 08 желтоқсан, 2025 | 17:52
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанның банк секторындағы тәуекелдер азайды - рейтинг нәтижесі

Реттеу мен қадағалаудың күшеюі банк секторындағы тәуекелдерді азайтты

gov.kz
gov.kz

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның банк секторындағы салалық тәуекелдің даму үрдісін бағалауды тұрақтыдан оңға жақсартты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл өзгеріс соңғы бірнеше жылдағы реттеу мен қадағалаудың күшеюімен байланысты деп есептейді.

«Қаржы реттеушісінің негізгі шараларының ішінде активтердің сапасын тұрақты бағалау (AQR), SREP қадағалау моделіне көшу, банктер қызметіндегі тәуекелдерді шектеу және тұтынушылық кредит берудің өсу қарқынын бақылау шаралары атап өтілді. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша агенттік сарапшылары бөлшек кредит берудің өсуінің 18-20%-ға дейін баяулауын күтуде», делінген агенттік ақпаратында.

S&P келесі жылы төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін енгізу, оның ішінде жүйелік маңызы бар банктер үшін капиталға айналдырылуға жататын міндеттемелердің ең төменгі деңгейін енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұл өзгерістер қадағалау сапасын одан әрі жақсартуға әсер етуі мүмкін.

«S&P есебіне сәйкес, ҚНРДА қабылдаған шаралар ықтимал дағдарыс жағдайларының және банк жүйесіндегі операциялық іркілістердің алдын алуға мүмкіндік берді. Агенттік сарапшылары сектордың макроэкономикалық тәуекелдерге орнықтылығын, сондай-ақ проблемалық кредиттер деңгейінің төмендігін (2025 жылы 5,5-6,0%) және резервтермен қамту деңгейінің жоғары (шамамен 55%) екенін атап өтті», деп қосты ведомствода.

Сонымен қатар есепте S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі реттеушілік және қадағалау бастамалары шеңберінде одан әрі ілгерілеу болған жағдайда салалық тәуекел бағасын жақсартуға дайын екені айтылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.