Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 фельдшерлік-акушерлік пункт салынды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 10 желтоқсан, 2025 | 17:11
1 мин. - оқу уақыты

Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 фельдшерлік-акушерлік пункт салынды

Алты ірі стационардың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын

gov.kz
gov.kz

Биыл Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде 66 фельдшерлік-акушерлік пункт салынды, оның 51-і – қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған.

Өңір әкімдігі 2025 жылғы денсаулық сақтау саласының қорытындыларын жариялады.

Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен онкоорталық заманауи сызықтық үдеткіш пен компьютерлік томограф алды. Бұдан бөлек, арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен онкоорталықтың операциялық-реанимациялық блогын жабдықтау қаржыландырылған. Бұған қоса, Макажанов атындағы клиникаға нейрохирургиялық Remebot RM-200 роботы сатып алынды.

Сонымен қатар өңірде кадрлық әлеуетті күшейту бағытында жұмыс қарқынды жүріп жатқаны туралы айтылды.

Биыл өңірге 137 жас дәрігер келіп, оның 61-і ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан. Жас мамандарға берілетін көтерме ақы 8,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Облыста жұмыс істейтін 30 медицина қызметкері шетелде біліктілігін арттырды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.