Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Балқашта туризмді дамытуға берілген жер мемлекетке қайтарылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 11 желтоқсан, 2025 | 11:06
1 мин. - оқу уақыты

Балқашта туризмді дамытуға берілген жер мемлекетке қайтарылды

Жағалаудан демалыс аймағына деп берілген жер телімі көп жылдан бері иегірлмеген

gov.kz
gov.kz

Қарағанды облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті Балқаш көлі жағалауынан туристік нысандар салу үшін берілген, бірақ біраз жылдан бері игерілмеген жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

«Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Торанғалық ауылында орналасқан, аумағы 0,5 гектарды құрайтын, демалыс аймағын абаттандыру және туристік қызметтер көрсету үшін берілген, бірақ көптеген жылдар бойы пайдаланылмаған жер телімі анықталды. Кәсіпкерге жерді игеру туралы нұсқама берілді», делінген ақпаратта.

Департамент нұсқаманың орындалмауына байланысты кәсіпкерге айыппұл салып, жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы талаппен сотқа жүгінген.

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департамент талаптарын толық қанағаттандырып, жер телімін мәжбүрлеп алып қою және оны кейіннен сауда-саттыққа (аукционға) қою туралы шешім қабылдады. Жер ресурстары комитеті сот шешімі заңды күшіне енгенін хабарлады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.