Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда 2-6 жас аралығындағы балалар кезегі екі есе қысқарды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 11 желтоқсан, 2025 | 15:35
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда 2-6 жас аралығындағы балалар кезегі екі есе қысқарды

Мектепке дейінгі ұйымдарда 2027 жылға дейін 300 мың орын құру көзделген

Freepik
Freepik

Елімізде 2025 жылы 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту деңгейі 95,9%-ға жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

2019 жылдан бергі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар саны 8,6%-ға өсіп, 10 650-ден 12 мыңға дейін көбейді. Бүгінде бұл балабақшаларда 1 миллионнан астам бала тәрбиеленуде.

Бірінші вице-министр Майра Мелдебекованың айтуынша, өңірлерде балабақша жетіспеушілігін жою мақсатында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр:

Министрлік өкілдері атап өткендей, балаларға тең бастапқы мүмкіндіктер жасау және мектепке дейінгі білім беру қолжетімділігін арттыру үшін тұрақты мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік балабақшалар мен жекеменшік ұйымдардың 94%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында қаржыландырылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.