Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қостанайда өңірдегі ең ірі күн электр станциясы іске қосылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 желтоқсан, 2025 | 09:30
1 мин. - оқу уақыты

Қостанайда өңірдегі ең ірі күн электр станциясы іске қосылды

2026 жылы жоба аясында маневрлік газопоршенді электр станциясын салу жоспарланған

gov.kz
gov.kz

Қостанай облысында қуаты 22,6 МВт болатын күн электр станциясының (КЭС) құрылысы аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілді. Бұл жоба Солтүстік Қазақстандағы жаңартылатын энергия бойынша ең ауқымды өндіріс алаңы болып саналады.

Іске қосу рәсіміне қатысқан Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев жаңа станцияның өңір экономикасының энергия тұрақтылығын арттырудағы рөлін атап өтті.

КЭС «Варваринское» АҚ-тың декарбонизация бағдарламасы аясында салынды. Жыл сайын шамамен 28,5 млн кВт·сағ электр энергиясы өндіріледі.

Жоба шеңберінде жалпы ауданы 98 мың м² аумаққа 36 мыңнан астам күн панелі орнатылған. Сонымен қатар энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жоба аясында қуаты 40 МВт болатын маневрлік газопоршенді электр станциясын (ГПЭС) салу көзделген. Оның іске қосылуы 2026 жылға жоспарланып отыр .

Жоба іске асқанда «Варваринское» АҚ кәсіпорнының жанама парниктік газдар шығарындылары 50%-ға, ал Solidcore Resources тобы бойынша жалпы шығарындылар 16%-ға қысқарады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, КЭС-ті Solidcore Resources компаниясының еншілес құрылымы «Altyn Solar Energy» компаниясы салды. Бас мердігер — «Hi-Teck Qazaqstan» ЖШС. Құрылыс кезеңінде 70 адам жұмыспен қамтылып, станцияның тұрақты жұмысы үшін 16 жұмыс орны ашылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.