Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан 4 млн тонна мұнайдан айырылды ма? – Энергетика министрлігі жауап берді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 желтоқсан, 2025 | 10:41
2 мин. - оқу уақыты

Қазақстан 4 млн тонна мұнайдан айырылды ма? – Энергетика министрлігі жауап берді

Министрлік мұнай тасымалының қазіргі жағдайы туралы айтып, баламалы логистика туралы түсініктеме берді

Руслан Пряников
Руслан Пряников

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан КҚК терминалындағы оқыс оқиға салдарынан «4 млн тонна мұнайдан айырылды» деген ақпаратты жоққа шығарды және бұл техникалық көрсеткіштерді дұрыс түсінбеуден туындағанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, КҚК мұнай құбырының Қазақстан бөлігінің жобалық өткізу қабілеті, яғни жүйенің техникалық шегі – 72 млн тонна. 2025 жылы жоспарланған тасымал – 57 млн тонна, ал 11 айдың деректерін есептегенде шамамен 68 млн тоннаға жеткен, яғни жоспардың 119,3 % құрайды.

Ведомтсво аталған көлем қайтарымсыз жоғалтылған деп қарастырылмайды және терминал штаттық режимде жұмысын қайта бастағаннан кейін қосымша жүктеме арқылы толықтай өтелетінін атап өтті.

Қазіргі таңда мұнай тиеу жұмыстары терминалда жұмыс істеп тұрған ВПУ-1 (айлақ құрылғысы) құрылғысы арқылы жалғасып жатыр. ВПУ-3-тегі шлангтарды ауыстыру жұмыстарын 15 желтоқсанда ақтау жоспарланған. Құрылғыны іске қосу толық өткізу қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді, деді министрлікте.

Атап айтқанда, Қашаған кен орнынан өндірілген мұнайды қоса алғанда бірқатар көлемдер техникалық қажеттілік пен акционерлер арасындағы коммерциялық келісімдерге сәйкес «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбыры арқылы шұғыл түрде Қытай Халық Республикасына бағытталды.

Сондай-ақ, «Атырау-Самара» жүйесі арқылы тасымалдау көлемі де арттырылып, теміржол көлігінің мүмкіндіктері пайдаланылуда. Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау жұмыстары шектеусіз, штаттық режимде жүзеге асырылып жатқанын айтты.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.