Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қаржы реттеушісі экономикаға кредит беруді ынталандыру шараларын ұсынды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 13 желтоқсан, 2025 | 09:38
1 минут - оқу уақыты

Қаржы реттеушісі экономикаға кредит беруді ынталандыру шараларын ұсынды

Биылғы он айда бизнеске 14,9 трлн теңге кредит берілген

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен бірлесіп макропруденциялық сипаттағы шараларды жетілдіру мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктердің басшыларымен кездесу өткізді, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредит беруін ынталандыру шараларын талқылады.

Соңғы жылдары Қазақстанда бизнеске берілетін кредиттер көлемі орнықты өсуді көрсетіп келеді: 2022 жылы – 9,6 трлн теңге, 2023 жылы – 11,2 трлн теңге, 2024 жылы – 13,1 трлн теңге, 2025 жылғы қазанда – 14,9 трлн теңге.

Банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (AQR) нәтижелеріне сәйкес бүгінгі күні қарыз алушылардың қаржылық жағдайы, корпоративтік кредит беруді ұлғайту үшін банктердің өтімділігі мен капиталы бойынша айтарлықтай қор бар.

«Агенттік «Қазақстан Даму Банкі», «Даму» және Аграрлық несие корпорациясының қатысуымен екінші деңгейдегі банктердің, оның ішінде ірі бизнес, ШОБ және ауыл шаруашылығы бойынша бөле отырып, корпоративтік кредит беруін ынталандыру жөнінде нақты шаралар ұсынды. Банктердің капиталын босату үшін Агенттік макропруденциялық сипаттағы бірқатар шаралар қабылдады», делінген агенттік ақпаратында.

Сонымен қатар корпоративтік банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері де қаралды. Банктер туралы жаңа заң жобасы шеңберінде депутаттар банкроттық рәсімдерін жеделдетуге, кепілді кредиторларды қорғауға, қасақана банкроттық пен теріс пайдаланушылықтың алдын алуға, кредиторлардың өтініштерін қарау мерзімдерін қысқартуға және т.б. бағытталған түзетулер әзірледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.