Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан ауылдарында ескірген 419 медициналық инфрақұрылым жаңарды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 13 желтоқсан, 2025 | 11:35
2 минут - оқу уақыты

Қазақстан ауылдарында ескірген 419 медициналық инфрақұрылым жаңарды

Үкіметте «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы қаралды

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы басталған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Қазіргі уақытта жобадағы 655 нысанның 645-інің құрылысы аяқталды, бұл жоспардың 98%-ын құрайды. Оның ішінде 226 нысан бұрын медициналық инфрақұрылым болмаған ауылдарда салынған, ал 419-ы ескірген ғимараттардың орнына тұрғызылды. Сонымен қатар жоба аясында қалған 10 МСАК нысаны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Аида Балаева облыс әкімдіктеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын, жобалық жұмыстарды дер кезінде аяқтап, әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды.

primeminister.kz

Сонымен қатар жобаның екінші бағыты – инсульт орталығы, ТКА орталығы, перинаталдық орталық, травматология, хирургия және медициналық оңалту бөлімшелері бар жаңғыртылған 32 орталық аудандық аурухананы пайдалануға беру мәселесі қаралды. Баяндамаға сәйкес, 14 нысанда жұмыстар аяқталған, тағы 24 аурухана қайта жаңарту немесе күрделі жөндеу кезеңінде тұр.

Талқылауда ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болды. Ұлттық жоба аясында 1100 медицина қызметкерін даярлау қарастырылған.

primeminister.kz

Жиынды қорытындылай келе, Премьер-министрдің орынбасары бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда,

- жыл соңына дейін жұмысты аяқтауы тиіс өңірлер бойынша қосымша тексеру жүргізіп, нақты бақылау нәтижелері туралы есеп ұсынуды;

- бекітілген жұмыс кестелерін қатаң сақтап, әр облыс бойынша егжей-тегжейлі жоспар-графиктерді әзірлеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауды;

- бірінші, екінші және үшінші бағыт бойынша толық әрі уақтылы жұмыс жүргізу, жыл соңына дейін алынған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, әр жағдай бойынша міндетті түрде ақпарат беруді;

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама нәтижелері жөнінде өңірлер бойынша нақты әрі толық ақпарат ұсынуды тапсырды.

Дереккөз: primeminister.kz

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.