Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандықтар өздерін кредиттік алаяқтықтан қалай қорғай алады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 13 желтоқсан, 2025 | 16:01
1 минут - оқу уақыты

Қазақстандықтар өздерін кредиттік алаяқтықтан қалай қорғай алады

Қаржы реттеушісі қауіпсіздік шараларын еске салды

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік алаяқтықтан қорғау үшін шаралар қабылдау қажеттілігін еске салады. Қаржы реттеушісі қазақстандықтарды қолда бар құралдарды пайдалануды және қарыздарды ресімдеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін айтты.

Агенттік азаматтар алаяқтық кредитті ресімдеу тәуекелін азайту үшін келесі нұсқаулықты орындау қажет деп есептейді.

Ең алдымен eGov.kz порталында, eGov mobile қосымшасында немесе кредиттік бюро арқылы «Stop кредит» қызметін қосу қажет. Бұл азаматқа өз атына кредит алу мүмкіндігін бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ кодтарды құпия сақтау ұсынылады.

«Қоңырау шалушы адам өзін банк, қауіпсіздік қызметі немесе мемлекеттік органдардың қызметкері деп таныстырса да, ешқашан және ешкімге СМС-кодтарды, PIN-кодтарды, бір реттік парольдерді (OTP) немесе Secure-кодтарды бермеңіз», делінген агенттік нұсқаулығында.

Сонымен қатар бейтаныс адамдардың өтініші бойынша жеке телефон мен компьютерге қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпау керек екенін еске салды. СМС, мессенджерлер немесе жарнамалық хабарландырулардан күмәнді сілтемелер бойынша өтуге болмайды.

«Онлайн банкингке және басқа да маңызды сервистерге кіру үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз. Кредиттік бюроларда өзіңізді кредиттік есебіңізді үнемі тексеріп отырыңыз – бұл рұқсат етілмеген қарыздарды уақтылы анықтауға көмектеседі», деп қосты қаржы реттеушісі.

Бұл нұсқауларды орындау арқылы азамттар кредиттік алаяқтықтың құрбаны болу тәуекелін айтарлықтай азайтатынын атап өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.