Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталар шығарғанын хабарлады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 15 желтоқсан, 2025 | 11:19
1 мин. - оқу уақыты

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталар шығарғанын хабарлады

Монеталар 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап сатылады

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан QAZAQ KÚRESI коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

«Қазақ күресі» – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық күресі. Қос қарсылас еп пен төзімділік танытып, өзара күш сынасады. Бұл жекпе-жектің сан ғасырлық тарихы бар. Ол қазақ мәдениетінің маңызды бөлігі әрі спорттық мұрасы саналады», делінген ақпаратта.

Ұлттық банк монеталардың қалай дайындалғанын айтты:

- алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңгелік, дайындау таралымы – 2 000 (екі мың) дана;

Күмістен дайындалған монетаның бейнесі

- мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана;

Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

- нейзильбер (МНЦ 15-20) қоспасынан дайындалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 200 – теңгелік, таралымы – 50 000 (елу мың) дана.

Нейзильберден дайындалған монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Монеталар 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап сатылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.