Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Үкімет Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындаудың жаңа тәртібін бекітті
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 15 желтоқсан, 2025 | 12:25
1 мин. - оқу уақыты

Үкімет Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындаудың жаңа тәртібін бекітті

Бұл өзгеріске мемлекеттік аудиторлар бастамашы болды

gov.kz
gov.kz

Қазақстан Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізді. Тиісті қаулы Үкіметтің бюджетті бағалау қорытындысы бойынша қабылданды.

Енгізілген өзгерістер Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындауға арналған арнайы Жол картасын әзірлеу және оны бақылаудың нақты тетігін көздейді. Аталған бастама Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысы негізінде жүзеге асырылды.

Жаңа тәртіпке сәйкес, республикалық бюджеттің атқарылуына жауапты орталық мемлекеттік орган тиісті есептік жыл бойынша Үкіметтің есебіне Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындау жөніндегі Жол картасының жобасын әзірлейді. Құжатта нақты іс-шаралар мен оларды іске асыру мерзімдері ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдер бойынша айқындалады.

Осылайша, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебіне енгізілген Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындау процесі ашық, жүйелі және нәтижеге бағытталған сипатқа ие болады. Әрбір іс-шара тіркеліп, бақылауға алынып, түпкі нәтижеге дейін жеткізіледі.

Жалпы алғанда, Жол картасы мен жаңа есептілік тәртібін енгізу мемлекеттік органдарға өз міндеттері мен орындау мерзімдерін нақты айқындауға мүмкіндік береді, ал Жоғары аудиторлық палатаға өз ұсынымдарының орындалуын жедел әрі тиімді бақылауды қамтамасыз етеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.