Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда ақылы жолдардағы төлем тәртібі жеңілдетіледі
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 15 желтоқсан, 2025 | 16:04
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда ақылы жолдардағы төлем тәртібі жеңілдетіледі

Жаңа ережелер жүргізушілерге төлем мерзімін ұзартуға және төлем рәсімін қарапайым әрі түсінікті етуге бағытталған

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ақылы тасжолдардағы төлем жасау тәртібіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Жаңартылған тәсілдер жүргізушілерге төлемді уақытында орындау үшін қосымша уақыт беріп, процесті барынша түсінікті және қолжетімді етуге бағытталған.

Қолданыстағы ережеге сәйкес, жолақы жеті күн ішінде төленбесе, материалдар сегізінші күні көлік бақылау органдарына жіберіледі. Жаңа норма бойынша жеке тұлғалар үшін төлем мерзімі 30 күнге дейін ұзартылып, 31-күні материалдар әкімшілік тәртіппен жолданатын болады.

Сонымен қатар, заңды тұлғалар үшін бөлек механизм енгізілмекші. Атап айтсақ, есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасалмаса, материалдар келесі күні көлік бақылау органдарына бағытталады.

Бұл өзгерістер жүргізушілерге төлем процесін ыңғайлы етуге, төлем мерзімін ұлғайтуға және объективті себептерге байланысты төлем жасалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуға бағытталған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.