Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астықты ерте экспорттаушылар 2026 жылы субсидия ала алады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 17 желтоқсан, 2025 | 11:13
2 мин. - оқу уақыты

Астықты ерте экспорттаушылар 2026 жылы субсидия ала алады

Шетелдік нарықтарға астық жеткізу мерзімі 30 күнге дейін созылады

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанда астық экспорттаушыларға жаңа өнімнен жиналған бидайды алдын ала жөнелту мүмкіндігі берілді. Бұл 2026 жылдың басында көлік шығындарының бір бөлігін мемлекеттен субсидиялау тетігі арқылы өтеуге жол ашады. Келесі жылы астық тасымалын қолдауға 30 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Астықты бірқатар шетелдік нарықтарға жеткізу мерзімі 30 күнге дейін созылатынын ескере отырып, экспорттаушыларға жөнелтуді ертерек бастау ұсынылады. Субсидия алу үшін негізгі талап астықтың 2026 жылы нақты жеткізілгенін растайтын құжаттардың болуы.

Осы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Үкімет астық экспортындағы көлік шығындарын субсидиялау бағдарламасын іске қосты. Нәтижесінде экспорттық бағыттар кеңейіп, тасымал көлемі едәуір өсті.

2025 жылдың 11 айында теміржол арқылы астық тасымалы:

• Қара теңіз порттарына — 2,5 есе,

• Ресейдің Балтық теңізі порттарына — шамамен 3 есе,

• Балтық елдеріне — 8 есе,

• Әзербайжанға — 5,5 есе,

• Иранға — 2 есе артты.

Экспорт көлемінің ұлғаюы ішкі нарыққа оң әсерін тигізді: баға тұрақталып, демпинг қаупі төмендеді, сондай-ақ логистика, қайта өңдеу және сервистік салалардың дамуына серпін берілді.

2025 жылы да шаруалар мол өнім алды, сонымен қатар өткен жылдан қалған астық қоры сақталды. Бағдарламаның тиімділігін ескере отырып, Үкімет 2026 жылы да астық өндірушілер мен экспорттаушыларды қолдауды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, 2025–2026 маркетингтік жылдың алғашқы үш айында (қыркүйек–қараша) 4,4 млн тонна астық тасымалданып, экспорт көлемі 3,4 млн тоннаға жеткен.

2025 жылдың желтоқсан айында ішкі нарықтағы бидай бағасы 2024 жылмен салыстырғанда 40–50%-ға жоғары болды. Бір тонна астыққа 40 АҚШ доллары көлеміндегі көлік субсидиясы шаруалардың табыстылығын сақтауға, қазақстандық бидайдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Еуропа, Африка, Таяу Шығыс пен Орталық Азия нарықтарындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: АШМ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.