Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. ШҚО-да 2025 жылдың 11 айында тұтынушылардан 1149 шағым түсті
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 желтоқсан, 2025 | 14:16
1 мин. - оқу уақыты

ШҚО-да 2025 жылдың 11 айында тұтынушылардан 1149 шағым түсті

Бөлшек сауда, электрондық коммерция және азық-түлік бағасына қатысты өтініштер басым

ШҚО әкімдігі
ШҚО әкімдігі

2025 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 1149 өтініш түсті.

Тұрғындар негізінен сапасыз тауарларды сату, тауарды қайтару мен айырбастаудағы қиындықтар, тұрмыстық қызметтердің сапасыз көрсетілуі туралы шағымданған. Онлайн-саудадағы тауар сипаттамасына сәйкес келмеуі және жеткізудің кешігуі секілді мәселелер жиі кездеседі.

Департамент басшысы Асхат Сағидолдиннің айтуынша, биыл тұтынушыларға жалпы 37 млн теңге қайтарылған, 37 тексеру жүргізіліп, 18 әкімшілік айыппұл салынған, 22 нұсқама мен 2 ескерту берілген, сондай-ақ 12 сот процесіне қатысқан.

Азық-түлік бағасын бақылауға ерекше көңіл бөлінді. Нәтижесінде 182 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдардың жалпы сомасы 2 млн теңгеден асты. Бағаны тұрақтандыру үшін «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы форвардтық сатып алу тетігі іске қосылып, тұрғындар өнімдерді белгіленген бағамен ала алады.

Онлайн-сауданың дамуына байланысты маркетплейстерге шағымдар көбейген, сол себепті «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа заң жобасы әзірленуде. Ол кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуді, тұтынушылардың құқықтарын кеңейтуді және омбудсмен институтын енгізуді қарастырады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.