«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында теміржол инфрақұрылымы объектілерін тексерудің заманауи тәсілдері енгізілуде. Жаңа технологиялар жетуі қиын учаскелердегі бақылау жұмыстарын жедел әрі қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді.
Биылғы жылы электрмен жабдықтау дистанциялары үшін 27 қарда жүретін көлік және 2 пилотсыз ұшу аппараты сатып алынды. Қарда жүретін көліктер шалғайдағы және қар басып қалатын пункттерге, сондай-ақ электр беру желілеріне жедел жетуге арналған.
Пилотсыз ұшу аппараттары теміржол бойындағы әуе электр желілерін тексерудің тиімді және жылдам әдісі ретінде қолданылады. Дрондар инфрақұрылымның техникалық жай-күйін қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.
Жаңа тәсілдерді қолдану тексерулердің жеделдігі мен сапасын арттырып, қауіпсіздік деңгейін күшейтеді. Бұл өз кезегінде теміржол саласы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған қосымша жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Дереккөз: ҚТЖ