Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі іске қосылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 22 желтоқсан, 2025 | 17:26
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі іске қосылды

Алғашқы кезеңде жүйеге индустриялық сертификаты бар кәсіпорындар енгізіледі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалануға берді. Жаңа жүйе отандық өндірісті қолдауға және нақты тауар өндірушілерді айқындауға бағытталған.

Алғашқы кезеңде тізілімге қолданыстағы индустриялық сертификаттары бар компанияларды енгізу жоспарланған. Осы мақсатта Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қаржы министрлігі және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы индустриялық сертификат иелерін тізілімге қосу жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Қолданыстағы сертификаты бар кәсіпорындар «Атамекен» ҰКП ұсынған мәліметтер негізінде техникалық оператор – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ арқылы автоматты түрде тізілімге енгізіледі.

Компаниялар өз мәртебесін сақтау үшін 2026 жылғы 30 қаңтарға дейін жүйеде қажетті ақпаратты толтырып, өтінім беріп, цифрлық тексеруден өтуі тиіс. Белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда кәсіпорындар тізілімнен шығарылады.

Мәртебені растаудың негізгі шарты – нақты өндірістік қызметтің жүзеге асырылуын дәлелдеу. Сонымен қатар, өзге де компаниялар қажетті технологиялық операциялардың орындалуын растай отырып, өтінім беру арқылы тізілімге қосыла алады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.