Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жыл басынан бері 14,8 мың этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 желтоқсан, 2025 | 17:06
1 мин. - оқу уақыты

Жыл басынан бері 14,8 мың этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды

1991 жылдан бері елімізге 1 млн 162,9 мың этникалық қазақ қоныс аударған

Руслан Пряников
Руслан Пряников

2025 жылы 14 828 этникалық атамекеніне оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 162,9 мың этникалық қазақ көшіп келді деп хабарлайды Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 43,6% – Қытайдан, 4,1% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан 2,5% – Ресейден және 2,3 басқа елдерден.

Биылғы жылғы 11 айдың дерегі бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан төмендер 34%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құраған.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 15%-ы жоғары білімді, 27,6%-ы орта кәсіби білімді, 51,1%-ы жалпы орта білімді болса, 6,3%-ының білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар еліміздің түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Қандастарды еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстандыру айқындалған.

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. Жалпы алғанда 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша аталған өңірлерге 2 218 қандас көшіп барды.

Сондай-ақ жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, отбасының әрбір мүшесіне 275,2 мың теңге мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 59-ден 118 мың теңгеге дейін мөлшерінде қаржылай көмек көрсетіледі.

Жыл басынан бері 1279 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, 356 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.