Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда ірі дерекқорларға қолжетімділік биометриямен қорғалады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 желтоқсан, 2025 | 17:06
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда ірі дерекқорларға қолжетімділік биометриямен қорғалады

100 мыңнан астам дерегі бар ақпараттық жүйелерге жаңа қауіпсіздік талаптары енгізілді

Freepik
Freepik

2025 жылғы 22 желтоқсанда дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидалары жаңартылды. Қабылданғанын нормативтік өзгерістер Мемлекеттік цифрлық жүйелердің қауіпсіздігін арттыруға және азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуге бағытталған деп хабарлады ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Атап айтқанда, құрамында 100 мыңнан астам дербес деректер жазбасы бар дерекқорлармен жұмыс істеу барысында меншік иелері, операторлар және үшінші тұлғалар көпфакторлы аутентификацияны қолдануға міндетті. Оның бір әдісі ретінде биометриялық аутентификация пайдаланылады. 

Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жеке, медициналық, отбасылық, салықтық, банктік, коммерциялық мәліметтер, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпараттар жатады.

Сонымен қатар «электрондық үкімет» объектілері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтан өткізу әдістемелері мен ережелеріне де өзгерістер енгізілді.

Жаңартылған нормаларға сәйкес, ақпараттық жүйелерді сынақтан өткізу хаттамаларының қолданылу мерзімі үш жыл болып белгіленді. Бұл талап «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын қоспағанда, барлық ақпараттандыру объектілеріне қолданылады. 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.