Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан экспортқа еттен бөлек бал мен жем-шөп шығара бастады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 27 желтоқсан, 2025 | 13:14
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан экспортқа еттен бөлек бал мен жем-шөп шығара бастады

Мемлекет бір ғана өнімге тәуелділіктен біртіндеп бас тартып отыр

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау саясатын қайта форматтауға кірісті. Соңғы келіссөздер нәтижесі еліміздің сыртқы нарықтарға тек ет өнімдерімен ғана емес, ауыл шаруашылығының кең спектрі арқылы шығуға көшкенін көрсетеді. Бұл үрдіс агроэкспорт құрылымының әртараптандырылып жатқанын аңғартады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде 7 мемлекетпен 16 ветеринарлық сертификатқа келісім жасалып, қол қойылды.

Бұған дейін қазақстандық экспорттың негізгі тірегі ірі және ұсақ мал еті болса, бүгінде экспорттық жеткізілім географиясы мен өнім номенклатурасы айтарлықтай кеңейді. Атап айтқанда, Әзербайжан нарығына сүт өнімдері, сиыр және қой етімен қатар бал мен балық өнімдерін жеткізуге мүмкіндік ашылды. Моңғолияға тірі ұсақ мал экспорттауға рұқсат берілді, ал Марокко қазақстандық жем-шөп өнімдерін импорттауға дайын.

Сондай-ақ Иран нарығы былғары мен жүн экспорты үшін ашылып отыр. Ал Еуропалық Одақтың қазақстандық балға нарық ашуы – агроөңдеу саласы үшін сапа мен қауіпсіздік талаптарының жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді.

Министрлік елдің экспорттық әлеуеттін күшейту бағытындағы жұмыстың жалғасып жатқанын атап өтті. Бүгінде Республика 12 мемлекетпен келіссөз жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, 2025 жылдың он айында 30,2 мың тонна сиыр еті, 25,5 мың тонна қой еті сыртқы нарыққа шығарылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.