«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Қытайдың CITIC Construction Co., Ltd компаниясы Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салуда стратегиялық ынтымақтастық қағидаттарына қол қойды.
Келісім жобаның негізгі бағыттарын нақтылап, оның құнын бағалау, жабдықтар жиынтығы мен серіктестік мүмкіндіктерін анықтайды.
Тараптар жобалық құжаттаманы (FEED) әзірлеу кезеңінде бірге жұмыс істеп, тиімді техникалық шешімдер мен ұйымдастырушылық стратегияларды қарастырады. Сонымен қатар, келісім жобаны іске асыру мерзімін оңтайландыруға, ресурстарды тиімді пайдалану мен сапаны бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуға, Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеуді дамытуға және өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті күшейтуге үлес қосады. Бұл бастама екі елдің ірі компаниялары арасындағы тәжірибе алмасуға және жаңа технологияларды енгізуге де мүмкіндік береді.