Астанада жауған жаңбыр салдарынан әуежайдың барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Ұшып келетін 11 рейс кешіктіріліп, бір рейс тоқтатылған. Ал ұшып кетуі тиіс 4 рейс кідіртілді, деп хабарлады QazMonitor-ға әуежайдың баспасөз қызметі.
Кешігулердің басты себебі – қатқаққа ұласатын жаңбыр. Осыған байланысты көптеген әуе кемелері әуежайға уақытынан кешігіп келді.
Әуежай әкімшілігі жолаушыларды онлайн-табло жаңартуларын, әуе компанияларының ақпараттарын және терминал ішіндегі хабарландыруларды назар салып отыруға шақырды.