Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада Есіл жағалауындағы мұз айдындары мен сырғанақтар уақытша жабылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 31 желтоқсан, 2025 | 10:10
1 мин. - оқу уақыты

Астанада Есіл жағалауындағы мұз айдындары мен сырғанақтар уақытша жабылды

Ауа райының күрт жылынуына байланысты өзендегі мұз қалыңдығы азайып, тұрғындарға қауіпсіздік ескертуі жасалды

Астана әкімдігінің сайты
Астана әкімдігінің сайты

Астанада ауа райының күрт жылынуы мен қардың еруіне байланысты Есіл өзенінің жағалауында орналасқан мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, күннің жылынуына байланысты Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы айтарлықтай азайған. Қазіргі таңда өзен арнасындағы мұздың орташа қалыңдығы 22 сантиметрді құрайды, ал кейбір учаскелерде, соның ішінде Орталық жағажай аумағында, 35–37 сантиметрге дейін жетеді.

Осыған байланысты жаңа жыл мерекелері кезеңінде тұрғындарға қауіпсіздік мақсатында өзен үстіне шықпау ұсынылады. Сондай-ақ Есіл жағалауындағы мұз айдындары мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Мұздың қалыңдығы Төтенше жағдайлар департаменті белгілеген нормативтік деңгейге жеткеннен кейін аталған нысандар қайта пайдалануға берілетін болады.

Айта кетейік, қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге тәулік бойы техникалық тұз себілуде.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.