Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Президент: Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 31 қазан, 2025 | 13:13
1 мин. - оқу уақыты

Президент: Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш

Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі

Akrda.kz
Akrda.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысып отыр. Форумда үздік шетелдік университеттердің жетекшілері, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосты.

Атап айтқанда, Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да жетекші жоғары оқу орындары бар.

Президент білім және ғылымды ешқандай шекара талғамайтын, барлық елге ортақ стратегиялық маңызы айрықша сала ретінде атап, бүгінгі форум соның айқын дәлелі екеніне назар аударды.

Президенттің пікірінше, білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш, ал университет – озық ойлар мен жаңа идеялардың ордасы, ғылыми ізденіс ортасы.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.