Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы облысында лимон өсіруге 500 млн теңге инвестиция салынды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 13 қаңтар, 2026 | 10:38
1 мин. - оқу уақыты

Алматы облысында лимон өсіруге 500 млн теңге инвестиция салынды

Алғашқы кезеңде бір түп ағаштан 25–30 кг өнім алу көзделіп отыр.

gov.kz
gov.kz

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Ават ауылында лимон өсіруге бағытталған заманауи жылыжай кешені іске қосылды. Бұл – аудан аумағында цитрус дақылдарын өнеркәсіптік негізде өсіруге бағытталған алғашқы жоба, деп хабарлайды QazMonitor.

Жобаның жалпы аумағы – 1 гектар. Кәсіпкер Юрий Паскаловтың мәліметінше, жылыжай құрылысына және инженерлік инфрақұрылымға шамамен 500 млн теңге жеке инвестиция салынған. Кешенге 1200 түп лимон көшеті отырғызылды.

Агроөндірістік кешен жыл бойы жұмыс істеуге бейімделген. Мұнда:тамшылатып суару жүйесі, көгілдір отынмен жылытылатын температуралық бақылау, жазғы кезеңге арналған салқындату технологиялары орнатылған.

Бұл шешімдер өнімнің тұрақты шығымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкердің айтуынша, лимон ағаштары екі жылдан кейін өнім бере бастайды. Алғашқы кезеңде бір түп ағаштан 25–30 кг өнім алу көзделіп отыр. Бұл бір гектардан 30–36 тоннаға дейін өнім алуға мүмкіндік береді. Ағаштар толық жетілген кезде бір түптің өнімділігі 100 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл жағдайда жылдық жалпы өнім көлемі 100 тоннадан асуы ықтимал.

Қазақстанда лимон өнімінің едәуір бөлігі сырттан тасымалданады. Облыс әкімдігі жергілікті өндірістің дамуы логистикалық шығындарды азайтуға, өнім бағасының тұрақтануына және өңірлік агробизнестің әртараптануына ықпал етеді.

Айта кетейік, алдағы уақытта кәсіпкер жылыжай аумағын 5 гектарға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл инвестиция көлемін арттырып, өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.