Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда 2028 жылға дейін 3,6 млн «ақылды» есептегіш орнатылады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 13 қаңтар, 2026 | 11:44
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда 2028 жылға дейін 3,6 млн «ақылды» есептегіш орнатылады

Осы мақсатта Veolia, Suez және Aqualia секілді ірі халықаралық операторлармен келіссөздер жүргізілді

Pexels / Andrei q
Pexels / Andrei q

Елімізде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту аясында су арналарын цифрландыру жұмыстары күшейтілмек. Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов цифрландыру коммуналдық инфрақұрылымды тиімді басқарудың, бақылаудың және шығындарды азайтудың негізгі тетігі екенін атап өтті, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның айтуынша, осы мақсатта су тұтыну көрсеткіштерін байланыс арналары арқылы автоматты түрде жинауға мүмкіндік беретін телеметрия технологиясы бар автоматтандыру жүйелері мен есепке алу аспаптарына қойылатын талаптарды стандарттау жұмыстары жүргізілуде. Ұлттық жоба аясында су арнасы кәсіпорындарының негізгі процестерін кезең-кезеңімен автоматтандыру көзделген.

2026-2028 жылдар аралығында еліміз бойынша 3,6 млн-нан астам «ақылды» су есептеу құрылғыларын орнату жоспарланып отыр. 

Халықаралық тәжірибені зерттеу және енгізу мақсатында өткен жылы Veolia, Suez және Aqualia секілді ірі халықаралық операторлармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Қазіргі уақытта су инфрақұрылымын басқару саласында бірқатар азиялық компаниялармен келіссөздер жалғасуда.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.