Ақтөбе облысында 2025 жылы ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы көлемі 347,1 мың гектарды құрайтын 216 жер учаскесі берілді. Жер қойнауын пайдаланушыларға 27 мың гектар аумақта 44 учаске бөлінсе, коммерциялық мақсатта аукциондар арқылы 110,2 гектар жер 139 учаске ретінде сатылған, деп хабарлады QazMonitor-ға Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2022-2025 жылдар аралығында мемлекеттік меншікке 1,256 млн гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды, оның 1,092 млн гектары шаруашылық айналымына енгізілген. Былтыр 197 субъектіден пайдаланылмаған 234,2 мың гектар жер қайтарылды. Биыл айналымға тағы 80 мың гектар пайдаланылмай жатқан жерді қайтару жоспарланған.
Жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Әділбек Қабидуллиннің айтуынша, Ақтөбе қаласында базалық мөлшерлеме бір шаршы метр үшін 2 450 теңге, бұл салық базасын кеңейтіп, қосымша қаражатты білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылым жобаларына бағыттауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мемлекеттік меншікке қайтарылған 164,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін айналымға енгізу жұмысы пысықталды. Аудан әкімдеріне жер учаскелерін конкурстар арқылы адал және ашық бөлу, жергілікті шағын және орта бизнес субъектілеріне беру бойынша жеке жауапкершілік жүктелді.