Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Кинотеатрлар монополиясы: Депутат қазақ киносының неге дамымай отырғанын айтты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 14 қаңтар, 2026 | 13:31
2 мин. - оқу уақыты

Кинотеатрлар монополиясы: Депутат қазақ киносының неге дамымай отырғанын айтты

Мәжіліс депутаты кинотеатрлардың кассадан 50% үлес алуы мен «көлеңкелі» жарналарын тексеруді талап етті

freepik
freepik

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев отандық киногерлердің атынан Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, ірі кинотеатрлар желісі өздерінің үстемдік жағдайын пайдаланып, қазақстандық киноның дамуына кедергі келтіруде, деп хабарлайды QazMonitor.

Депутаттың сөзінше, бүгінде кинотеатрлар фильмнің алғашқы көрсетілім күнінен бастап жалпы кассаның жартысын иемденеді. Бұл продюсерлер мен режиссерлер үшін өте ауыр соққы.

Бұдан бөлек, фильм авторлары прайм-тайм алу үшін және жарнама үшін бөлек ақы төлеуге міндетті. Бейсенбаев индустрияда ресми емес «көлеңкелі» жарналардың да бар екені айтылды

Депутат мемлекеттік бюджет есебінен түсірілген туындылардың табысын жекеменшік желілердің иемденіп отырғанына ерекше тоқталды.

Оның сөзінше, қазіргі жүйе бойынша фильм өз шығынын ақтау үшін бюджетінен үш есе көп касса жинауы тиіс. Бұл экономикалық тығырық сапалы тарихи және мәдени туындылардың жарыққа шығуына мүмкіндік бермей отыр. Өйткені киногерлерге тәуекел ету тиімсіз.

Сонымен қатар ол Kinopark және Kinoplexx: елдегі кинозалдардың 40%-ын бақылайтынын, ал Chaplin және Cinema мегаполистердегі негізгі бақылаушылар екенін атап өтті.

Елнұр Бейсенбаев халықаралық тәжірибені, атап айтқанда АҚШ-тағы «жылжымалы шкала» жүйесін енгізуді ұсынды.

Депутат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін және құзырлы органдарды киножелілердің үстем жағдайын пайдалану фактілері бойынша кешенді тексеріс жүргізуге шақырды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.