Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жетісуда Қытай мен Өзбекстанға экспорттау үшін балқымыз дайындалып жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 15 қаңтар, 2026 | 17:52
1 мин. - оқу уақыты

Жетісуда Қытай мен Өзбекстанға экспорттау үшін балқымыз дайындалып жатыр

Кәсіпорын күніне жергілікті сүттен 600 литр дайын өнім шығарады

Фото / Дмитрий Ерофеев
Фото / Дмитрий Ерофеев

Жетісу облысында бал қымыз өндіретін кәсіпорын жұмысын бастады. Онда жергілікті сүттен күніне 600 литр өнім өндіріледі, ал алдағы уақытта өндірісті кеңейту және Қытай мен Өзбекстанға экспорттау жоспарланып отыр, деп хабарлайды QazMonitor.

Кәсіпорын құрылтайшысы Мадияр Түйебаев Жетісуда шөптің сан алуан түрі өсетіндіктен, мұндағы сүттің дәмі ерекше әрі пайдалы екенін атап өтті. Кәсіпорын өндірісті былтыр бастаған.

«Өз қаражатымнан 40 млн. теңгеге жуық қаражат салдым. Қазір біз күніне 600 литр қымыз өндіреміз, бірақ одан да көп – 3 тоннаға дейін шығара аламыз. Оның бәрі сұранысқа байланысты», деді Мадияр Түйебаев.

Бал қымыз өндірісінде табиғи ингредиенттер қолданылады. Өндіріске қажетті сүттің негізгі бөлігін Текелі сүт зауытынан сатып алады.

«Біздің бал қымыз – сиыр мен бие сүтінің үйлесімінен туған, бал ашытқысы. Құрамында пайдалы лактобактериялар бар. ...Бал қымыздан басқа, «Таң» сусыны, айран және реутери йогуртын өндіреміз. Тары қосылған шай шығарсақ деген жоспарымыз бар», деді кәсіпкердің жұбайы Әйгерім Шаландиева.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.