Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Harvest Agro Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне $700 млн-нан астам инвестиция салады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 01 қараша, 2025 | 12:03
1 мин. - оқу уақыты

Harvest Agro Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне $700 млн-нан астам инвестиция салады

Швейцариялық компания Қазақстан нарығында 2022 жылдан бері жұмыс істеп келеді

goabay.com
goabay.com

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде салаға инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Harvest Agro компаниясы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға $700 млн-нан астам қаражат салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Дәулет Увашев KGIR-2025 алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, компания Қазақстан нарығында 2022 жылдан бері жұмыс істеп келеді, жер мен элеватор сатып алған, сондай-ақ жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыруды бастаған, яғни Қызылорда облысында 20 мың гектар алаңда техникалық қарасора, жүгері және соя өсіреді.

Екінші кезеңде олар 2026 жылдан бастап Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу зауыттарын салуды және 50 мың гектар жерді игеруді жоспарлап отыр.

Дәулет Увашев өзінің Harvest Agro компаниясы Kazakh Invest-пен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті, олар жобаларға қолдау білдіріп, бизнес процесті сүйемелдеп келеді. Сондай-ақ әкімдіктермен де меморандумдарға қол қойылып, бизнес-жоспарлар мен қаржылық модель дайындалған.

Өсірілген өнім негізінен Қазақстанның ішкі нарығына, ал бір бөлігі экспортқа бағытталмақ.

Дереккөз: primeminister.kz

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.