Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда қарттар үйінің жаңа форматы пайда болады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 қаңтар, 2026 | 13:44
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда қарттар үйінің жаңа форматы пайда болады

Интернат орнына шағын үйлер мен әлеуметтік көмектің жаңа стандарты

T Leish/Pexels
T Leish/Pexels

Қазақстанда инклюзивті саясаттың 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, әлеуметтік қорғау саласындағы стандарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, деп хабарлайды QazMonitor.

Бұл шаралар Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту көзделген. Атап айтқанда стационар жағдайындағы орталықтардың жұмыс істеп тұрған желісіне балама ретінде әмбебап дизайн негізіндегі сыйымдылығы шағын үйлер құрылады. Мақсаты – қызмет алушылардың дербестігін, әлеуметтік бейімделуін және өмір сүру сапасын арттыру.

Сонымен қатар мүгедектігі бар балаларды отбасында қалдыру мақсатында стационарлық орталықтарды оңтайландыру жоспарланып отыр. Бұл ретте Алматы облысы, Талғар ауданындағы «Ақжол-М» оңалту орталығының үлгісі қолданылады.

Жаңа стандарттар әмбебап дизайн қағидаттарына сүйене отырып, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға стационарлық қызмет көрсету нысандарының түрлерін кеңейтуді көздейді. Бұл шаралар арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға инклюзивті тұру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.