Қазақстан темір жолының жолаушы тасымалдаушы пойыздарында әйелдерге арналған вагондар қызметі іске қосылғалы бері оны 822 мыңнан астам әйел жолаушы пайдаланған, деп хабарлайды QazMonitor.
Қазіргі уақытта әйелдер вагондары 12 бағыт бойынша қатынайды. Аталған вагондарда тек әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, әйел жолаушылармен бірге жеті жасқа дейінгі ер балалардың жол жүруіне рұқсат етілген.
Әйелдер вагонына билеттерді вокзал кассаларынан немесе bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн сатып алуға болады. Онлайн рәсімдеу кезінде билетте көрсетілген «ЖН» белгісіне назар аудару қажет. Бұл белгі таңдалған орынның әйелдер вагонында екенін білдіреді.