Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Тұлғалар
  3. Түркістан облысында 4 жастағы вундеркинд өсіп келеді
  1. Жаңалықтар
  2. Тұлғалар
Astana, Kazakhstan • 16 ақпан, 2026 | 17:05
1 мин. - оқу уақыты

Түркістан облысында 4 жастағы вундеркинд өсіп келеді

Ол 5-6 сыныпқа арналған күрделі есептерді жылдам шығара алады

BOOM Photography/Pexels
BOOM Photography/Pexels

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе ауылында ерекше қабілетімен көзге түскен 4 жастағы Әли Адамбек есімді бала өсіп келеді. Жасына қарамастан, ол екі және үш таңбалы сандарды ойша есептеп, көбейту амалдарын ағылшын тілінде еркін орындайды, деп хабарлайды QazMonitor.

Балабақшада-ақ зеректігімен танылған Әли бүгінде дайындық сыныбында оқиды. «Алтынтөбе» орта мектебінің мұғалімдерінің айтуынша, оның логикалық ойлау деңгейі жоғары сынып оқушыларымен тең. Тіпті 5–6 сыныпқа арналған күрделі есептерді жылдам шығарып, ұстаздарды таңғалдырған.

Анасы Нұргүл Мырзағалидың сөзінше, Әли бос уақытында мультфильм емес, ағылшын тіліндегі математикалық бағдарламаларды көруді ұнатады. Ұйықтар алдында ертегі тыңдаудың орнына, есеп шығарып, көбейту кестесін қайталауды сұрайды.

Кішкентай дарын иесі әліппені толық меңгерген, енді ағылшын тілінде жазуды жетілдіруді мақсат етіп отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.