Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Ұлытау облысында шахматтан Қазақстан чемпионаты басталды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 17 ақпан, 2026 | 13:50
1 мин. - оқу уақыты

Ұлытау облысында шахматтан Қазақстан чемпионаты басталды

Жарысқа 20 жасқа дейінгі шахматшылар қатысып жатыр

gov.kz
gov.kz

Жезқазғанда 20 жасқа дейінгі жастар арасында 2026 жылғы Қазақстан Республикасының шахмат чемпионаты басталды. Турнирге ел өңірлерінен 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.

Қатысушылар классикалық шахмат, рапид және блиц форматтары бойынша бақ сынайды. Дода 22 ақпанға дейін жалғасады. Классикалық бағдарламада жеңіске жеткен ұлдар мен қыздар 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының ерлер және әйелдер арасындағы финалына жолдама алады.

Сондай-ақ чемпиондар 2026 жылы Перудің Лима қаласында өтетін FIDE World Junior U20 Championships турнирінде ел намысын қорғайды. Екінші орын иегерлері Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Чемпионат 9 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өтуде. 16–20 ақпан аралығында классикалық партиялар (60+30), 21 ақпанда рапид (10+5), 22 ақпанда блиц (3+2) форматындағы ойындар ұйымдастырылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.