Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Астаналықтар Pee-Wee турнирінде жеңіске жеткен жас хоккейшілерді күтіп алды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 25 ақпан, 2026 | 13:33
1 мин. - оқу уақыты

Астаналықтар Pee-Wee турнирінде жеңіске жеткен жас хоккейшілерді күтіп алды

Қазақстан шешуші ойында канадалық команданы ұтып, алғаш рет чемпион атанды

gov.kz
gov.kz

Астаналықтар Канадада өткен Pee-Wee турнирінде тарихи жеңіске жеткен – Astana Team жас хоккейшілерін қарсы алды, деп хабарлайды QazMonitor.

Турнир Квебек қаласында өткен болатын. Қазақстандық жас спортшылар финалға шығып, шешуші канадалық командамен кездесті. Тартысты өткен матчта Astana Team басым түсіп, бас жүлдені иеленді.

№10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Диас Маржықпаевтың айтуынша, команда турнирге қыркүйек айынан бастап дайындалған. Команда құрамына елордалық №10 хоккей мектебінің 8 тәрбиеленушісі және Өскемен, Қарағанды және Алматы қалаларынан келген хоккейшілер кірді. Аталған сапарды Нockeydrems қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

«Олар осымен төртінші рет біздің команданы Канададағы халықаралық турнирге апарып жүр. Хоккейшілеріміз бұл жолы алты ресми матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бұл турнирде 66 жыл ішінде хоккей державаларының өкілдері ғана жеңімпаз атанып келген. Олар – Канада, АҚШ, Ресей, Финляндия, Чехия және Швеция. Енді, міне бұл тізімге Қазақстан да қосылды. Біздің команда турнирге алғаш рет 2023 жылы қатысты. Өте қуаныштымыз. Бұл жеңіс – біз үшін үлкен жетістік», деді Маржықпаев.

№10 БЖСМ шайбалы хоккей командасының бапкері Владимир Матюхин келесі жылы да элиталық топта өнер көрсетіп, жоғары нәтиже көрсету жоспарда бар екенін айтты. Ал команда ойыншысы Мәулен Нұрдәулет жеңістің маңызын ерекше атап өтті.

«Жарысқа бүкіл еліміздің атынан 2013 жылы туған ең мықты деген 20 ойыншыны жинады. Біз үшін хоккей Отаны – Канадада жақсы ойын өрнегін көрсетіп, алтын медальді елімізге әкелу – үлкен абырой», деді ол.

Еске салсақ, 2024 жылы Astana Team (2012 жылы туған ойыншылар – ред) осы турнирде финалға дейін жетіп, күміс медаль еншілеген еді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.