Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. «Елімай» футбол клубының негізгі серіктесі белгілі болды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 26 ақпан, 2026 | 17:54
1 мин. - оқу уақыты

«Елімай» футбол клубының негізгі серіктесі белгілі болды

KAZ Minerals тобы футбол клубына қатысты міндеттемелерін растады

freepik
freepik

Абай облысы әкімі Берік Уәли KAZ Minerals Тобының басшылығы және «Елімай» футбол клубының өкілдерімен кездесіп, өңірдің спорттық инфрақұрылымын дамыту мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылғы маусымда облыс атынан UEFA Конференциялар лигасына қатысатын клубтың алдағы даму болашағын талқылады, деп хабарлайды QazMonitor.

Атап айтқанда инфрақұрылымдық базаны дамытуға, жас футболшыларды даярлауға және алдағы маусымдарда клубтың жүйелі жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.

Бұған қоса компания клубтың қызметін ұйымдастыруға, соның ішінде клуб командаларының Қазақстан Республикасының ішкі жарыстарына және Еурокубоктарға қатысуын қамтамасыз етуге қатысты міндеттемелерін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар футболды және өңірдің спорттық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өзара іс-қимыл форматтарын одан әрі пысықтау және бірлескен жұмысты жалғастыруға мүдделі екенін білдірді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.