Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Аустриядағы дзюдо Гран-приі: Қазақстан қоржынында алтын мен қола бар
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 10 наурыз, 2026 | 10:08
1 мин. - оқу уақыты

Аустриядағы дзюдо Гран-приі: Қазақстан қоржынында алтын мен қола бар

Қазақстан 59 елдің ішінде үздік 10-дыққа енді

gov.kz
gov.kz

Қазақстан дзюдошылары Аустрия Гран-приінде 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде команда жалпыкомандалық есепте 7-орынға тұрақтады, деп хабарлайды QazMonitor.

Жарыстың алғашқы күні -60 кг салмақта қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов қола медаль иеленді.

Ал екінші күні -81 кг салмақта Әділет Алмат барлық қарсыласын жеңіп, турнир чемпионы атанды. Бұл – спортшының Гран-при деңгейіндегі алғашқы алтын жүлдесі.

Сонымен қатар, +78 кг салмақта Ақерке Рамазанова қола медаль үшін өткен белдесуде Эстония спортшысына жол берді. Ал -100 кг салмақта Марат Байкамуров жұбаныш кезеңінде Жорже Фонсекаға есе жіберді. Фонсека – Токио Олимпиадасы 2020 қола жүлдегері және екі дүркін әлем чемпионы.

Айта кетейік, Линцтегі турнирге 59 елден 479 дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасы жарысқа 20 спортшымен барды. Жалпы жүлде кестесінде 21 елдің спортшылары медаль жеңіп алды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.