Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 23 маусым, 2026 | 15:51
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды

Чемпионат тарихта алғаш рет елімізде өтеді

Tima Miroshnichenko / pexels
Tima Miroshnichenko / pexels

Қазақстан әлемдік спорт күнтізбесіндегі ең беделді жарыстардың тағы бірін қабылдамақ. 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты алғаш рет елімізде өтетін болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Беделді халықаралық дода 2027 жылдың 9-14 ақпан күндері өтеді. Қазақстан астанасына Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка мен Мұхит аралдары елдерінен әлемнің ең үздік спортшылары жиналып, маусымның маңызды жарыстарының бірінде бақ сынайды.

Халықаралық конькишілер одағының (ISU) президенті Чжэ Ёль Ким Қазақстанда мұндай жарысты өткізу Орталық Азия жанкүйерлеріне әлемдік деңгейдегі спортшылардың өнерін өз көздерімен көруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасындағы жаңа маусым Францияның Анже қаласында 23-25 қазан аралығында өтетін Гран-при кезеңімен басталады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.