Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. 8 млрд теңге үнемделді: Қазақстан спортындағы реформалар қандай нәтиже берді?
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 14 тамыз, 2026 | 14:24
1 мин. - оқу уақыты

8 млрд теңге үнемделді: Қазақстан спортындағы реформалар қандай нәтиже берді?

Балалар спортына қаржы екі есе көбейіп, бір тәрбиеленушіге 415 мың теңгеге дейін бөліне бастаған

Ben Cheers / pexels
Ben Cheers / pexels

Астанада Спорт күні қарсаңында Қазақстандағы спорт реформаларының нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды QazMonitor Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қазірдің өзінде реформалардың нақты нәтижелері бар. 8 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Бұған кәсіби клубтарды қаржыландыруға лимит енгізу және легионерлерді бюджет есебінен қаржыландырудан бас тарту ықпал етт.;

Балалар спортына бөлінетін қаржы екі есеге жуық артты. Спорт мектептеріндегі бір тәрбиеленушіге арналған жылдық қаржыландыру 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Жаттықтырушылардың жалақысы 30%-ға өсті. Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларының еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды. Қазіргі таңда 3 511 жаттықтырушы-оқытушы тиісті тестілеуге қатысқан.

Айта кетейік, былтырдан бастап басшыларды ротациялаудың бірыңғай тәртібі енгізілді. Ал спорт ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау ашық конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 112 тағайындаудың 86-сы немесе 76%-ы конкурс нәтижесінде жүзеге асырылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.