Астана 2027 жылы бірден жеті әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ірі халықаралық спорт жарыстарын өткізуді әрі қарай да жалғастыра беретінін атап өтті. Биыл елордада дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды тоғыстырған «Болашақ ойындары» өтті.
«Келесі жылы бас қаламыз бір емес, жеті бірдей әлем чемпионатын қабылдайды. Сондықтан алда ауқымды жұмыс тұр, бірақ мұндай халықаралық шаралар елдің беделі мен абыройын арттыру үшін ауадай қажет. Ал 2029 жылы Алматыда X Қысқы Азия ойындары өтеді. Осы ірі турнирлердің бәрін ең жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз керек», — деп баса айтты Президент.