Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Алматыға халықаралық марафонына 60-тан астам елдің желаяқтары келеді
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 15 қыркүйек, 2026 | 16:52
1 мин. - оқу уақыты

Алматыға халықаралық марафонына 60-тан астам елдің желаяқтары келеді

27 қыркүйекте Алматыда мерейтойлық Almaty Marathon өтеді

Eddson Lens / pexels
Eddson Lens / pexels

Биыл халықаралық жүгіру додасына 60-тан астам мемлекеттен 16 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр. Марафонды Алматы әкімдігінің қолдауымен «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырады.

Мерейтойлық жарысқа байланысты барлық қашықтықтың бағыты жаңартылған. 42,2 шақырымдық марафон трассасы биыл алғаш рет бір айналымнан тұрады. Жүгірушілер Абай даңғылымен Момышұлы көшесіне дейін жетіп, кері бағытта қозғалады. Одан әрі маршрут Достық даңғылы, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Шевченко, Құрманғазы, Наурызбай батыр және Сәтбаев көшелері арқылы өтеді. Жарыс Абай алаңынан басталып, Республика алаңында мәреге жетеді.

Былтыр Almaty Marathon-ға 60 мемлекеттен 1 363 шетелдік спортшы қатысқан. Жарыстан кейін жүргізілген сауалнамада олардың 79,3%-ы Алматыға тағы да келуге ниетті екенін білдірген.

Almaty Marathon Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығының (AIMS) халықаралық күнтізбесіне енгізілген. Сондай-ақ жарыс түркі халықтарының марафондарын біріктіретін TAN альянсының құрамына кіреді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.