Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Шығыс Қазақстанда құсбегіліктен І Азия кубогі өтеді
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 06 қазан, 2026 | 17:16
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Шығыс Қазақстанда құсбегіліктен І Азия кубогі өтеді

«Шығыс Салбурыны-2026» жарысына 9 елдің бүркітшілері қатысады деп жоспарланып отыр

Julia Volk /pexels
Julia Volk /pexels

9–10 қазан күндері Ұлан ауданы, Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбеде» қазақтың дәстүрлі құсбегілік өнерін дәріптейтін «Шығыс Салбурыны – 2026» І Азия кубогі өтеді. Бұл туралы ШҚО әкімдігі хабарлады.

Айтулы халықаралық додаға 9 елдің бүркітшілері қатысып, бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгімен бақ сынайды.

Көрермендер назарына ұлттық спорттың бірегей түрлері - тазы жарысы, асау үйрету, жамбы ату, теңге ілу және «Толағай» жарысы ұсынылады.

Мерекелік кеште танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.