Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. FIFA Қазақстанда 100 шағын футбол алаңын салады
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 20 қазан, 2025 | 15:46
1 минут - оқу уақыты

FIFA Қазақстанда 100 шағын футбол алаңын салады

Бағдарламаны 2027 жылға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр

Qazaqstan Monitor: FIFA Қазақстанда 100 шағын футбол алаңын салады

Қазақстан балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға арналған жаһандық FIFA Arena атты жобаға қосылған алғашқы елдердің бірі атанды.

Жоба аясында ел мектептерінің жанынан 100 шағын футбол алаңы салынады. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, алғашқы алаңдар биылдың өзінде Хромтау мен Көкшетауда пайдалануға беріледі. Бағдарламаны 2027 жылға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

«Әрбір алаң FIFA стандартына сәйкес болады: өлшемі 20×40 метр, жаңа буындағы жасанды шөп жабыны (non-infill turf) төселеді, қақпа, қоршау және қауіпсіздік торлары орнатылады. Әмбебап құрылымды қолданыстағы мектеп аулалары мен спорт аумақтарына орнатуға болады. Жоба әсіресе шағын қалалар мен ауыл мектептерін қамтиды және толығымен FIFA қаржыландырады», - деп түсіндірді ведомстводан.

Бүгінде футбол ең танымал бұқаралық спорт түрі болып қалып отыр: футболмен 1,1 млн-нан астам адам жүйелі түрде айналысады. Елімізде 280 футбол стадионы, мектептер жанында 7 000-нан аса футбол алаңы және 400-ден астам дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар.

Соңғы жылдары FIFA мен УЕФА қолдауының арқасында Талғар қаласында ұлттық құрамалардың заманауи оқу-жаттығу базасы құрылып, Астанада Футбол үйі мен манеж салынды, Шымкентте «БИІК» жекеменшік базасы және Қостанайда «Тобыл» клубының толықкөлемді манежі пайдалануға берілді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.