Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Астанада қысқы спорт түрлеріне арналған бірыңғай мектеп құрылады – Ол не береді
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 11 желтоқсан, 2025 | 17:48
1 мин. - оқу уақыты

Астанада қысқы спорт түрлеріне арналған бірыңғай мектеп құрылады – Ол не береді

Әкімдік бұл мектеп жас спортшылардың дайындық сапасын арттырады деп есептейді

gov.kz
gov.kz

Астанада спорттық нысандарды жаңғыртуға және арнайы секциялар желісін кеңейтуге жүйелі түрде инвестиция салынып келеді. Қалада қысқы спорт түрлеріне арналған бірыңғай мектеп құру туралы шешім қабылданған. Жаңа құрылым бірнеше спорттық бағытты бір басқару жүйесіне біріктіріп, спортшыларды бастапқы дайындықтан ұлттық құрама деңгейіне дейін тиімді дайындауға мүмкіндік береді.

Бұл мектеп қысқы спорт түрлері бойынша бірыңғай дайындық орталығын қалыптастыру; кадрлық, қаржылық және материалдық ресурстарды шоғырландыруды көздейді. Сондай-ақ оқу-жаттығу үдерісінің сапасын және спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; мекемелер құрылымын қысқы олимпиадалық спорт түрлерін дамыту басымдықтарына сәйкестендірмек.

Айта кетерлігік, енгізіліп жатқан өзгерістер кадрлық қысқартуға әкелмейді: барлық жаттықтырушы өз жұмыс орындарын сақтап, балалармен толық режимде жұмысын жалғастыра береді. Оқу-жаттығу процесі де бұрынғы көлемде жүргізіледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.