Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Flo Rida мен Nicole Scherzinger Қазақстанға келеді: Solana City жобасының мән-жайы
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 23 қаңтар, 2026 | 17:07
1 мин. - оқу уақыты

Flo Rida мен Nicole Scherzinger Қазақстанға келеді: Solana City жобасының мән-жайы

Қазақстанда халықаралық деңгейдегі жаңа туристік жоба таныстырылды

telegram / qaztourism
telegram / qaztourism

Қазақстанда event-туризм (іс-шаралық туризм) саласы инвестициялық тартымдылықтың жаңа драйверіне айнаып келеді. Мамырда Астана мен Алматыда әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ауқымды музыкалық фестиваль өтіп, оған елімізге көршілес мемлекеттерден мыңдаған туристерді тартады деп күтілуде, деп хабарлайды QazMonitor.

«Kazakh Tourism» компаниясының мәліметінше, екі қалада өтетін концертте Flo Rida, Nicole Scherzinger, Busta Rhymes, Timbaland және Keri Hilson сияқты әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсетеді.

Компанияның басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлының айтуынша, «Kazakh Tourism» туроператорлардың қатысуымен пакеттелген туристік ұсыныстарды әзірлеу үшін штаб құрады.

Әр қаладағы көрермендердің жалпы саны шамамен 30 мың адам болады деп жоспарланып отыр. Бүгінде Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және РФ тұрғындары бұл концерттерге билет сатып алған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.