Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Шығыс Қазақстан облысында халықаралық деңгейдегі курорт салынады
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 20 қазан, 2025 | 23:07
1 минут - оқу уақыты

Шығыс Қазақстан облысында халықаралық деңгейдегі курорт салынады

«Pana Asia» компаниясымен меморандум жасалды

Qazaqstan Monitor: Шығыс Қазақстан облысында халықаралық деңгейдегі курорт салынады

Бұқтырма су қоймасының Самар жағалауында «Pana Asia» компаниясы халықаралық деңгейдегі курорт салатын болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов мәлімдеді.

«Біз танымал қонақүй желісі Pana Asia компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша туризмді дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеміз. Pana Asia - бутиктік Pana Hotels қонақүйлері бренді айналасында экожүйе қалыптастырып жатқан алғашқы отандық басқарушы компания. Қазірдің өзінде олардың Алматы, Шымкент және Мәскеу қалаларында қонақүйлері бар. Енді бұл тізімге Сарыбел де қосылады», – деді аудан әкімі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаңа қонақүй құрылысы - өңірдің туристік және инвестициялық тартымдылығын арттырудағы маңызды қадам. Сонымен қатар су қоймасы жағалауында серуендеу аймағын құруға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жалпы, инвестициялық белсенділікті қолдау мақсатында аудан әкімдігі жанынан «Туризм және инвестициялар орталығы» құрылды. Жаңа орталық туризм, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларындағы жобаларды ілгерілетудің негізгі алаңына айналмақ.

«Ауданымызға инвесторларды шақырамыз. Өңірді дамытуға үлес қосуға дайын әрбір кәсіпкерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, жобаларына толық сүйемелдеу жасалады», - деп қорытындылады аудан әкімі Серік Жеңісов.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.