Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Шетелдік инвестор Түлкібас ауданында мега-туристік жобаны іске асырмақ
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 09 ақпан, 2026 | 16:25
1 мин. - оқу уақыты

Шетелдік инвестор Түлкібас ауданында мега-туристік жобаны іске асырмақ

Өңірде халықаралық деңгейдегі жаңа эко-этно демалыс аймағы салынады

gov.kz
gov.kz

Түркістан облысының Түлкібас ауданында экологиялық-этнографиялық демалыс аймағы пайда болады, шетелдік инвестордың қатысуымен іске асырылатын жоба биылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және мемлекеттік қолдауға ие болады, деп хабарлайды QazMonitor.

Осыған байланысты өңір әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізді Жобаның тұжырымдамасы «Орталық Азияның жүрегі, әлемге ашылған терезе» деп аталады. Мега жоба аясында Қазақстандағы алғашқы цифрлық мәдени-туризм платформасын іске қосу жоспарланған. Туристік дестинация экологиялық туризм, мәдени тәжірибе және сауықтыру демалысын біріктіреді. Құрылыс пен жоспарлау жұмыстары халықаралық стандарттар мен экологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Жоспарға сәйкес, жоба аумағында: қонақүйлер, гастрономиялық нысандар, сауда-ойын-сауық кластері, гүл аңғары, шаңғы және шөптен сырғанау аймақтары, жұлдызды шатырлар, ипподром және ұлттық ат ойындары кешендері салынады. Сонымен қатар ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын өндіретін шеберханалар, шағын өндіріс орындары ашылады.

Жоба туризм, ауыл шаруашылығы, мәдениет және сауықтыру салаларын ықпалдастыруды көздейді. Сонымен қатар оның аясында жергілікті тұрғындарды оқытып, жұмыспен қамту әрі өңір табысын арттыратын көпарналы экономикалық модель қалыптастыруды жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.