Алматы облысы туризм саласындағы позициясын нығайтып, келушілер саны бойынша еліміздің көшбасшы үштігіне енді, деп хабарлайды QazMonitor.
Алматы облысы туризм басқармасының мәліметінше, өңірде республикалық маңызы бар 10 туристік дестинация және өңірлік маңызы бар бір нысан орналасқан. Туристік имидждің қалыптасуына Көлсай көлдері, Іле-Алатау және Шарын ұлттық парктері айтарлықтай үлес қосып отыр.
eQonaq базасының мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылы Алматы облысына 147 мыңнан астам турист келген. Бұл көрсеткіш бойынша өңір тек Алматы мен Астана қалаларына жол беріп, ел бойынша үшінші орынға тұрақтады.
2026 жылы өңірде халықаралық имиджді нығайтуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға септігін тигізетін 25-тен астам ірі іс-шара өткізіледі.