Алматыдағы Бутаковка шатқалында жаңа «Бұтақты» визит орталығы ашылды, деп хабарлайды QazMonitor. Жоба Іле-Алатауы ұлттық паркімен серіктестікте, Алматы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Жаңа орталық аумағында тамақтану орны, тимбилдинг пен шеберлік сабақтарына арналған аймақ, ашық аспан астындағы білім беру және мәдени бағдарламалар алаңы қарастырылған. Сонымен қатар, ұлттық паркке тиесілі кәдесыйлар мен фирмалық өнімдер дүкені, жаңартылған навигация және заманауи санитарлық нысандар жұмыс істейді.
«Бұтақты» визит орталығы табиғат аясындағы демалысты тек жайлы емес, сонымен қатар жауапты, танымдық әрі экологиялық мәдениетке негізделген форматта ұйымдастыруға бағытталған жаңа кеңістік ретінде ұсынылып отыр.